Талғат Нұриев: Тәуелсіздік - біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз

565
көрілім

ҚР Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысының Жарлығымен ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Талғат Нұриев "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл "медалімен марапатталды.

Медальді Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есполатов атындағы Алматы академиясының бастығы, полиция полковнигі А. М. Сайтбеков табыс етті.

- Қоғамдық тәртіпті сақтаудағы менің қызметімді жоғары бағалағаны үшін Қазақстан Республикасы ІІМ және ШҚО полиция департаментінің басшылығына алғысымды айтамын! Отанды сүю әр азаматқа тән жауапкершілік. Бұл әрқайсымыз үшін мемлекет алдындағы азаматтық борышымыз. Халық пен полиция арасында сапалы жаңа қарым-қатынастар құру және ішкі істер органдарына азаматтардың сенім деңгейін арттыру өте маңызды міндет. Тәуелсіздік - біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымызү Егеменді мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуы жолында атқарып отырған еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін!»,- деді Талғат Нұриев.