Тапсырма берілді

598
көрілім

Алдағы уақытта Күршім ауданына қарасты Құйған ауылында спорт залы салынып, мектептің төбе жабыны жаңартылмақ. Бұл жөнінде Күршім ауданының әкімі Дулат Қажановтың Құйған ауылдық округімен танысуы барысында белгілі болды.

"Күршім ауданының әкімі Д.Қажанов ағымдағы жылдың 24 қазаны күні Құйған ауылдық округіне қарасты Қайыңды, Құйған ауылдарында болып қайтты. Аудан әкімі оқушылары бейімделген акт залында жаттығатын Құйған орта мектебінде жаңа спорт залын салу, жылыту орталығындағы 2 пешті, мектептің төбе жабынын ауыстыру, электр сымдарын қайтадан тарту, Қайыңды негізгі орта мектебінің ауласын абаттандыру бойынша ұсыныстар дайындауды білім бөліміне тапсырды", - деп хабарланған аудан әкімінің ресми сайтында.

Ерлен ОСМАНОВ