Тарбағатай ауданында қазақ күресінен Әлем кубогі өтеді

1054
көрілім

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында 26-28 мамыр аралығында Ырғызбай Досқанаұлы атында қазақ күресінен Әлем кубогі өтеді. Оған төрт құрлықтың 30 елінен балуандар қатысады.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, ең алдымен 26 мамырда Әулие Ырғызбай бабаның басында ас беріледі. Ал 27 мамыр күні Ақсуат ауылында (орталық алаңда) қазақ күресінен белдесу басталады. Осы күні ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, халық әртісі Роза Рымбаеваның қатысуымен орталық алаңда гала-концерт өтеді. 28 мамыр күні ат спортынан әлем кубогінің құрметіне республикалық деңгейде бәйге өткізіледі.
– Жыл сайын Халықаралық деңгейде өтіп келе жатқан қазақ күресі биылғы жылы әлемдік деңгейде өткізілмек! Осы ауқымды шараны ұйымдастырып, ауданның абыройын асқақтатып жүрген ардалы, беделді ағаларымызға алғысымыз шексіз! Тарбағатай ауданына келіңіздер! – дейді Ерден Оралбай.

Мейрамбек Қосажан