Тарбағатай ауданында спорт кешені салынбақ

90
көрілім
Фотосурет adyrna.kz сайтынан

Бұл туралы ақпаратты облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жоспарға сәйкес, аталған нысан аудан орталығы Ақжар ауылында бой көтереді. Бұдан бөлек, тағы төрт жобаны қаржыландыру қолдау тапты. Нақты айтсақ, Ақжардағы Орталық стадионды қайта жаңарту, Зайсан ауданының Жарсу ауылында мектептің спорт корпусын және Айнабұлақ ауылында спорт модулін салу, Риддер қаласында спорттық-туристік инфрақұрылым салынады. Бес жобаны іске асыру үшін  2,3 млрд.теңге бөлінген.
Әділхан ЕСІМХАНОВ