Тарбағатай ауданында спорт мектебі жөнделуде

1646
көрілім

Бұл туралы аудан әкімі Серікқазы Саудақасов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ақжар ауылдық округіне жұмыс сапары барысында аудан басшысы Б.Сайханов спорт мектебіндегі жұмыс барысымен танысты.

– Аталмыш нысанға "Ердар" ЖШС ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу жұмысына 30 млн теңге қаржы бөлінген. Шілде айының 1-нде толық аяқталады деп жоспарланған, – деді Серікқазы Құсайынұлы.