Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылында клуб үйі жөнделуде

2083
көрілім

Бұл туралы ауылдарға іссапармен барған аудан әкімі Серікқазы Садуақасов мәлімдеді, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Құмкөл ауылында «Жұмыспен қамту Жол картасы – 2020» бағдарламасымен ауылдағы клуб үйіне ағымдағы жөндеу жұмысы басталды. Бұған 15 млн. 600 мың теңге қаржы бөлінген. Ауылдағы бірден-бір мәдени нысанның заман талабына сай болғаны дұрыс. Бұйыртса ішіне су жүйелері тартылып, алдына тас төсеніш (брусчатка) салынып, клуб үйінің сырты сайдингпен қапталады, – деді Серікқазы Құсайынұлы

Оған қоса, клуб үйінің ауласына шырша көшеттері отырғызылып, тұрғындар игілігіне бірқатар абаттандыру жұмыстары жүргізілмек.