Тарбағатайлық өнерпаздар республикалық байқауда үздік шықты

921
көрілім

Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылындағы «Тамшы» балалар театрының өнерпаздары Алматыда өткен республикалық онлайн байқауда үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы Ақсуат Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Тамшы» балалар театрының режиссері Бейбіт Құсанбаев мәлімдеп, қуанышымен бөліскен еді. Талапты шәкірттер 100 қатысушының арасында оза шапқан.

– Республикалық "AI-Faraby" білім беру орталығы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап өткізген "Абай жолы" атты көркемсөз оқушылардың онлайн республикалық байқауында шәкірттерім жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ақсуат орта мектебінің 10 сынып оқушысы Аңсар Болатбек 1 орын (теледидар), К.Нұрбаев мектебінің 9-сынып оқушысы Айғаным Мәлік 2 орын (планшет) иеленді, – деді Бейбіт Азатбекұлы.