Тегін кеңес алады!

272
көрілім

Облысымызда азаматтар өтініштерін айта алатын бірыңғай байланыс орталығы құрылды. Тұрғындар арнайы нөмір бойынша хабарласып, мамандардан тегін кеңес ала алмақ.

Стационарлы телефоннан 1331 нөміріне қоңырау шалып мамандарға өз мәселеңізді айта аласыз. Операторлар қайда хабарласу керектігін айтып, оның орындалуын бақылайды.

Сондай-ақ, азаматтардың өтініштері 1331,kz сайты, 8-771-202-20-02 WhatsАpр нөмірі, contact-vko@e-vko.kz электронды поштасы және инстаграмдағы @contact_centre_vko мекенжайы бойынша да қабылданады.

Байланыс орталығы аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс. Сенбі, жексенбі - демалыс күндері.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ