Тәрбие сапасы жақсарады

248
көрілім

Облысымызда мектепке дейінгі тәрбие сапасы жақсартылып, балабақшаларға бейнебақылау камералары орнатылмақ.

17 қазан күні өткен облыс әкімдігінің отырысында өңір басшысы Даниал Ахметов орта білім саласында орын алып жатқан жаңашылдықтарға тоқталып өтті. Облыстағы мектептерде робототехника, жаңа талаптағы биология, физика және химия кабинеттері мен, ІТ-технологиялар сыныптары ашылды, сондай-ақ үш тілде білім беру бағдарламасын іске асыруды бастады.

Енді билік мектепке дейінгі тәрбиеге жіті көңіл бөлмек.

- Биылғы жылдың 25 желтоқсанына дейін мектепке дейінгі білім сапасын көтерудің Жол картасын дайындаңдар, - деген тапсырма берді облыс әкімі.

Сонымен қатар, аймақ басшысы 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін өңірдегі барлық балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету керектігін баса айтты.

Ерлен ОСМАНОВ