Төлемақы төленеді!

323
көрілім

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында жан алысып, жан беріспеген батырлар ерлігінің дәріптеліп келе жатқанына биыл - 73 жыл. Отан үшін от кешкен өңіріміздегі ардагерлер қатары бүгінде сиреп, бар-жоғы 246 адам ғана қалған. Дегенмен, саны саусақпен санарлықтай ғана қалған ардагерлеріміз билік назарынан биыл да тыс қалмайтын сыңайлы. Бұлай деуімізге себеп жоқ емес, өйткені жылдағы дәстүр биыл да жалғасын таппақ. Атап айтсақ, Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне табысталатын қомақты қаржылай төлемақылар облыс басшылығы тарапынан қазірдің өзінде қарастырылып қойған.

Мұндай төлемақылардың жылда берілетіні белгілі. Дегенмен, жыл сайын салтанатты түрде атап өтілетін Ұл Жеңіс күні мерекесінен жағымды тосынсый күтетін тұрғындарды теңгенің қолға тиюі емес, оның көлемі толғандыратыны рас. Мұндай толғанысқа себеп те жоқ емес, өйткені әр аудан, қала облыстық бюджеттен бөлек, шама-шарқынша өз бюджеттерінен де бірқатар көлемде қаржы қарастыратыны белгілі.

9 Мамыр - Жеңіс күні мерекесі қарсаңында ардагерлермен қатар оларға теңестірілген азаматтар, ҰОС ардагерлерінің жесірлері мен тыл еңбеккерлері де билік тарапынан тыс қалмақ емес. Осы себепті оқырман назарына облыстық бюждетпен қатар әр аудандардың бюджеттерінен айтулы күнге орай берілетін бірреттік төлемақыларды кесте түрінде ұсынуды жөн көрдік.

Аудан атауы

Төлемақы көлемі

Аягөз ауданы

- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне — 520 000 теңге;

- Тыл ардагерлеріне — 10 000 теңге.

Глубокое ауданы

- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне — 540 000 теңге;

- ҰОС кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарғандарға — 65 000 теңге;

- "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталғандарға — 65 000 теңге;

- Концентрациялық лагерьлерде кәмелеттік жасқа толмаған кезде тұтқында болғандарға — 65 000 теңге;

- Бұрынғы КСРО қорғау кезінде жараланған, контузия алғандарға — 65 000 теңге;

- ҰОС жылдары қаза болғандардың қайталап некеге отырмаған жесірлеріне — 65 000теңге;

- Тылдағы еңбегі үшін КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандарға — 25 000 теңге.

Жарма ауданы

- ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне — 600 000 теңге;

- ҰОС жылдары қаза болғандардың қайталап некеге отырмаған жесірлеріне — 70 000 теңге

Зайсан ауданы

- ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне — 517 075 теңге;

- ҰОС жылдары қаза болғандардың қайталап некеге отырмаған жесірлеріне — 84 175 теңге;

- Тылдағы еңбегі үшін КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандарға — 10 823 теңге.

Катонқарағай ауданы

- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне — 617 017 теңге.

Көкпекті ауданы

- ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне — 608 350 теңге;

- ҰОС жылдары қаза болғандардың қайталап некеге отырмаған жесірлеріне — 84 175 теңге;

- ҰОС жылдары қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен марапатталғандарға — 12 025 теңге.

Күршім ауданы

ҰОС жылдары тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальддарымен марапатталғандарға — 60 125 теңге.

Тарбағатай ауданы

- ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне — 625 000 теңге;

- ҰОС жылдары қаза болғандардың қайталап некеге отырмаған жесірлеріне — 10 000 теңге.

Ұлан ауданы

- ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне — 500 000 теңге;

- Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына — 84 175 теңге;

- Тылдағы еңбегі үшін КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандарға — 60 000 теңге;

- ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне — 10 800 теңге.

Үржар ауданы

- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне — 517 075 теңге;

- Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушысына теңестірілгендерге — 84 175 теңге;

- Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің жесірлеріне — 25 012 теңге;

- ҰОС жылдары тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандарға — 60 125 теңге.

- ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне — 10 823 теңге.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ