Тұңғыш Президент күні қарсаңында өскемендік полицейлер марапатталды

428
көрілім

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Полиция департаментінің мәжіліс залында салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Мерекелік шараны ШҚО Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Ж.Т. Бақтыбаев ашты. Өз сөзінде ол 1991 жылы 1 желтоқсанда елде Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жеткен алғашқы жалпыхалықтық президент сайлауы болды деп атап өтті.

Бұдан кейін ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтау жеделхаты оқылып, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Үш полиция қызметкеріне кезекті дәреже берілді, екі қызметкерге «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медаль, үш қызметкерге - «1-ші дәрежелі Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі, үш қызметкерге - «2-ші дәрежелі Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі және екі қызметкер ҚР ІІМ мақтау қағаздарымен марапатталды. Полиция департаменті басшысы дипломымен 34 қызметкер марапатталды.

Салтанатты шара А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада жалғасты, онда полиция қызметкерлері ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған фотокөрмені тамашалады. Кітапхана қызметкерлері Яна Абдеева мен Гүлбаршын Абылғазинова қонақтарды «Көшбасшы даналығы» кітап көрмесімен де таныстырды.

Кездесу жас полиция қызметкерлері мен облыстық және Өскемен ардагерлер кеңесінің арасындағы әңгімемен жалғасты.

ШҚО Консультативтік-кеңесші органының төрағасы, Өскемен қаласы және Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Қазыбаев Амангелді Қажыбайұлы біздің Тұңғыш Президентімізбен жұмыс және достық кездесуіндегі естеліктерімен бөлісті.