Ұлан ауданында таудағы өрт 2 күнде сөндірілді

1303
көрілім
Фотосурет reactor.inform.kz сайтынан

Ұлан ауданындағы таулы жерлерде шыққан қызыл жалынмен өрт сөндірушілер екі күн бойы арпалысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 маусымда Приморск орман шаруашылығында өрт шыққан. Тілсіз жау қарағай, қайың және теректерді шарпыды. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің жалпы аумағы – 5,5 гектарды құраған. От бүгін сағат 9.15-те өрт сөндірілді.

– Екі күн ішінде өрттің аумағына тікұшақпен барлау жүргізілді. Қазіргі уақытта күйген ағаштарға су төгілуде. Бұл таулы жер болғандықтан тілсіз жауды ауыздықтау қиынға соққан. Әр тастың астын қарап, жанып жатқан шөптерді сөндіруге тура келді. Кейбір өрт ошақтары жермен көмілді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, қызыл жалынмен күреске өрт сөндіру бөлімінің 7 қызметкері мен жергілікті атқарушы органнан 10 адам жұмылдырылған.