Ұлан ауданында туберкулез дертіне шалдыққандар саны азаймай тұр

341
көрілім

Бұл туралы аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов өзінің есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір аудан бойынша 1 аудандық аурухана, 9 дәрігерлік амбулатория, 20 медпункт халыққа қызмет көрсетуде. Белгілі болғандай, соңғы уақыттары бала өлімі екі есе қысқарып, тұрғындардың жалпы сырқаттану деңгейі 8,4%-ға төмендеген. Алайда кей көрсеткіштер әлі көңіл қуантпай тұр.

– Өткен жылғы көрсеткішке көз жүгіртсек, ана өлімі фактісі тіркелмеді. Десе де туберкулезбен ауыратындар саны 35,4%-ға, онкоауруға шалдыққандар саны 5,1%-ға артты. Мұнымен қоса қазір медицинада кадр тапшылығы да жоғары. Аталған мәселені шешу үшін облыстық Денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен шаралар қолға алынуда, – деді Нұрымбет Сақтағанов.