Ұлан ауданындағы шалғай ауыл интернетпен қамтылды

131
көрілім
Фотосурет Egеmen.kz сайтынан

Өңір әкімдігі мәліметінше, елд мекендердегі интернет желісіне қолжетімділік орналасқан жеріне байланысты айтарлықтай өзгереді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Яғни қалалар мен аудан орталықтарына жақын орналасқан ауылдар интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілген.
- Облыс әкімдігі телекоммуникациялық байланыс инфрақұрылымын дамытуға және облыстың барлық аумағын интернетпен толық қамтуға мүдделі.
Интернет байланысын қамтамасыз ету толығымен нарықтық қызмет болып саналады. Нарықтық қатынастар жағдайында қызмет көрсетушілер, бұл негізінен монополистер және жеке компаниялар рентабельділік тұрғысынан осы жұмыстың кезектілігі мен белсенділігін есептейді, - делінген мәліметте.
«ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы» ММ нарық субъектілерімен (жеке және монополистермен) белгілі бір жұмыс жүргізеді және тұрақты негізде интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуді жоспарлау бойынша кеңестер өткізеді.
Мысалы, биыл Ұлан ауданына қарасты Белогорский ауылының тұрғындары интернетпен қамтамасыз етілді. Қазір онда 106 адам тұрады. Елдімекенде дауыстық байланыс та, интернет те болған жоқ.
«Кар Тел» ЖШС (марка - Билайн) үйлесімді жұмысының арқасында елдімекенде базалық станция орнатылды, енді ауыл тұрғындары 3/4G байланысын пайдалана алады.