Үлбінің жағасын мекен еткен үйсіздер Белоусовкадағы бейімдеу орталығына жіберіледі

654
көрілім

Облыс орталығының басшылығына Үлбі жағасында спирттік ішімдікке бас қойып жататын үйсіздер қала тұрғындарының мазасын алатыны туралы арыз түскен болатын. Қала әкімі Қуат Тұмабаев аталған орынға барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Астана көшесінің бойындағы Үлбі жағасы үйсіздердің мекеніне айналғаны туралы көпшіліктің арызы нәтижесіз қалған жоқ. Қала әкімі істің мән-жайын білмекке Үлбінің жағасына барған екен. Шаһар басшысымен бірге Өскемен қаласының ІІБ мен қала прокуроры бірге жүрген.

Тұрақты мекені жоқ Белоусовка ауылындағы бейімдеу орталығына жіберу жөнінде шешім қабылданды. Ол жерде үйсіздерді оңалтуға келтіретіндей жағдай жасалған, – дейді қаланың баспасөз хатшылығы.