Ұлттық қордан әр балаға қанша ақша аударылатыны әлі белгісіз – вице-министр

303
көрілім
Фото:halyq-uni.kz сайтынан

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақшаның сомасы әлі есептеліп бітпегенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда есеп жүргізіліп жатыр. Жалпы Қазақстандағы 18-ге толмаған балалардың саны 7 млн 200 мың болып отыр. Ал 18-ге толған, бірінші этапта төлем алатын азаматтардың саны қазіргі таңда 300 мыңға жуық. Олар бойынша қазір соңғы есептер жүргізіліп жатыр. Осы айдың аяғына дейін қорытындысы болу керек деп ойлаймын. 18-ге толған 300 мың адам бойынша қаражат аударылады. Сомасы санаулы. Жобалық сома бар. Бірақ қателеспеу үшін оны әзірге айта алмаймын», - деді Ержан Біржанов.