Университімізге шетелдік студенттердің қызығушылығы артып отыр - Сәуле Рахметуллина

634
көрілім

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да жан-жақтан келіп жатқан студенттер саны көбейіп келеді. Университет ректоры олардың қандай мамандықтарға ауандары ауғанын айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алдымен Қытайдан келсе, бертіндері Нигерия, Либерия елдерінен де ат терлетіп жетіпті.
- Олардың көпшілігі машина жасауды мақсат еткен. Қазір басшылық тарапынан шетелдік жастарды көптеп тартуға өтініш жасап жатырмыз. Оларға мемлекет тарапынан жылда грант беріледі. Грантқа ие болып, шәкіртақы алып отырған олардың біздің университетті таңдаулары бағытымыздың дұрыстығын аңғартады деп ойлаймын. Бір есептен, көпшілігінің қызығушылықтары жоғары, - деді ректор.

Алдағы уақытта шетелдік университеттердің филиалдарын ашу күн тәртібіне қойылды. Одан бөлек, Түркістан, Абай және басқа да облыстардан студенттер тарту бойынша нақты жоспар бекітілген.