Үржарлық дзюдошы алғашқы қарсыласын алып ұрды

20947
көрілім
Фотосурет olympic.kz сайтынан

Катардың астанасы Доха қаласында өтіп жатқан Masters додасының бірінші айналымы шығысқазақстандық спортшы үшін сәтті басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, жерлесіміз Ерлан Серікжанов жеребе қорытындысына сәйкес ресейлік Абдула Абдулжалиловпен жолығады деген едік. Жарты сағат бұрын қос мықтының арасындағы белдесу нәтижесі белгілі болды. Татамидегі төреші бастапқыда екі спортшыға да сылбыр қимылдағандары үшін шидо, яғни ескерту берген-тұғын. Бәлкім, сол шоғы әлсін-әлсін маздап жатқан белдесуге екпін берген болар, ескертуден соң дзюдошылар аңысын аңдымай, ашық белдесуге көшті. Абдулжалилов қапсыра ұстап алып иығынан асыра лақтыруға әрекеттенгені сол еді, Серікжанов ұрымтал сәтте қарсылас қателігін пайдаланып, татмиге алып ұрды. Ерлан оған дейін вазари ұпайын алып үлгерген болатын. Дзюдосүйер қауымның сөзінше, шығысқазақстандық дзюдошының салған жерден қауіпті қарсыласын жолынан ығыстыруы – әзірлігінің ойдағыдай екендігін аңғартады.

Әділхан ЕСІМХАНОВ