«Восток-Молоко» компаниясы 18 жыл бойы сүт өнімдерін шығару бойынша көшбасшы болып келеді

341
көрілім

Өскемендік компания «Восток-Молоко» жаңа технологияларды қолдана отырып сүтті өндіру және өңдеу саласы бойынша жетекші орынға ие. Сапалы сүт өнімдері үшін кәсіпорын 1999 жылдан бері Мақтау қағаздары, медальдер және дипломдармен марапатталып келеді.

«Восток-Молоко» ЖШС мемлекеттік стандартқа сай өндірілетін дәстүрлі сүт өнімдерін шығарады.

Компания қызметінің маңызды бағыты – толтырғыштар бар көптеген сүзбе өнімдерін, бифидобактериялары және жеміс-жидек толтырғыштары бар биойогурт.

Компания өнім шығару үшін 22 елді мекеннен сүт жинайды. Сүт сақтау және салқындату пункттері заманауи контейнерлермен жабдықталған. Сонымен қатар, «Восток-Молоко» жеке шаруашылығын дамытуда. Бүгінгі таңда Еуропа мен Ресейден әкелінген мал басы 3 мыңға жетеді.

Енді Еуропа мен Ресейден әкелінген мал басы 3 мыңға жетеді. Кәсіпорын малдың санын 6 мыңға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын ірі қара мал басын 6 мыңға көбейтуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, «Восток-Молоко» ЖШС қызметкерлері өңірдің әлеуметтік өміріне атсалысады. Компания Өскемендегі ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіштің құрылысына демеуші болып, «Ауған жеріндегі Кенді Алтайдың жауынгерлерін еске алу» кітабының жарыққа шығуына үлес қосып, Зайсан қаласындағы шекара қызметінің волейбол командасын толық қамтиды. Сонымен қатар, өз қызметкерлерін қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар іске асырылуда: қызметкерлерге жеңілдікті шарттармен демалыс және емдеуге арналған жолдамалар қарастырылған, компанияда жұмыс істейтін 30-дан астам отбасынына баспана берген.

2016 жылы кәсіпорын аймақтық және республикалық «Қазақстанның үздік тауары» байқауында «Үздік азық-түлік тауары» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ағымдағы жылы «Восток Молоко» ЖШС-і «Алтын сапа» сыйлығына үміткер болып табылады.

ШҚО Аймақтық байланыс қызметі