Зайсан ауданында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

803
көрілім

Кеше, яғни 30 мамыр күні түнгі сағат 22:49 уақытында Қазақстан – Қытай шекарасында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 811-ші шақырымда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ҚР БҒМ сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметіне сүйенсек, 2 балдық жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,8 көрсеткішін көрсетіп, эпицентрі 5 шақырымдық тереңдіктен сезілген. ШҚО ТЖД ресми сайтының ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер немесе жарақат алғандар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.