Жаңа қойылым

258
көрілім

ШҚО Драма театрының әртістері көзқарақты көрермендерді жаңа премьерамен қуантпақ. Ақыт Үлімжіұлының «Шолақ қол келіншек» атты қойылымының тұсаукесері 27 сәуір күні сағат 18.00-де, 29 сәуірде сағат 17.00-де сахналанады.

«Шолақ қол келіншек» – өткен ғасырдағы қисса дастан желісінде жазылған діни көркем шығарма. Қойылым желісі, шытырман оқиғаға құрылған, өткенге көз жүгіртіп, барымызды бағалауға, ар мен әділеттілік күндердің күнінде алдымыздан шығатынын дәріптейді. «Жігіттер, сауап жолдан баспа ағат»-деп, ғибратқа апарар жолды нұсқайтын тарихымызды жаңғыртып, әдеби-мәдени қоржынымызды толықтыруға лайықты тәрбие мен тағлымға бай рухани қойылым.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ