Жарма ауданына қарасты Сұлусары ауылындағы егістік науқаны қалай өтуде?

843
көрілім

Жарма ауданында егістік жинау науқаны аяқталуға жақын. Қазіргі таңда диқандар арпа, бидай дақылдарымен қамбаларын толтырып үлгерген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Алтын Қазан және К» ЖШС өз қызметін осыдан төрт жыл бұрын Жарма ауданы Сұлусары ауылында бастады.

 - 200 гектар жерді игеріп кәсібіміздің алғашқы қадамын жасады. Ал арпадан алынған өнімнің көлемі 25-28 центнерге таяу, - дейді қожалық иесі.

Содан кейін кезек күнбағысқа келеді. Шаруалардың айтуынша, бұл да уақыт талабына бағынатын жауапты жұмыс. Қожалықтың қызмет аясын кеңейту мақсатында Нұрлан Тұрдин 250 бас қой сатып алған. Ендігі мақсат асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысу.

  - Астықты ел қамбасына құйып, жем-шөпті уақытылы дайындау үшін тегеурінді техника қажет. Сондықтан қыстың қамын жаз ойлап, техниканы ерте көктемнен бастап әзірлейміз, қажет болса жаңасын да аламыз, - дейді Нұрлан Тұрдин.

Егістік алқабында дәл қазір жұмыс қызып тұр. Қызметтерін жарыса атқарып жүрген техника көз ілестірмейді. Жауын-шашын аз болса да алынатын өнім көлемі жоғары болады деп күтілуде.