Жарма ауданында ақын Тұрсынхан Әбдірахманованың құрметіне көше атауы берілді

846
көрілім

Бұл туралы аудан әкімдігінде айтылып, филология ғылымдары докторының 100 жылдығын өткізу жоспары белгілі болды.

Аудан басшылығы аталған шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуін айрықша атап өтті.

- Бүгін, яғни 5 қараша күні халқымыздың аяулы ақыны, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Тұрсынхан Әбдірахманованың туғанына 100 жыл толып отыр. Т.Әбдірахманова поэзияда, әдебиеттану ғылымында елеулі орны бар сегіз қырлы қаламгер. Ол 1921 жылы Жарма ауданы, Бөке кенішінде дүниеге келген.

Қазақ қаламгерлері арасында алғашқылардың бірі болып «Қазақстанның халық жазушысы» атағына ие болуы – оның әдебиет саласындағы еңбегінің лайықты бағасы, - деді аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, ақын, әнші, зерттеуші ғалым, қоғам қайраткері Тұрсынхан Әбдірахманованың еңбектері – қазақ әдебиеті мен мәдениетінің қымбат қазынасы, ұрпақтар үшін тәрбиелік мәні зор асыл мұра болып саналады.

- Ақынның туған күніне арналған мерекелік шаралар Жаңаөзен ауылындағы бір көшеге оның есімін беру рәсімінен басталды. Бұдан сон аудан орталығында орналасқан ескерткішке мекеме ұйым өкілдерімен бірге гүлшоқтарын қою рәсіміне қатыстым. Әрі қарай мерекелік шара Мәдениет үйіндегі дөңгелек үстелмен жалғасын тапты, - деді Ахметқали Ахашұлы.