«Жер аманаты» комиссиясының кезекті отырысы өтті

74
көрілім

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтті.
Жиынға «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Айгул Байжанова, ШҚО Жер қатынастары бақармасының басшысы Надежда Михейлис, , Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов, Зайсан, Алтай, Күршім аудандарының әкімдерінің орынбасарлары және «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері қатысты.
Жиын барысында Күршім, Шемонаиха, Зайсан, Алтай аудандарының әкімдік өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылмаған және берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша қабылданып жатқан шаралар баяндама жасады.
«Жалпы 2022 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін ауданның арнайы жер қорына қайтарылған 17 756,4 га жердің, 2108,6 га егіндік, 994,9 га шабындық, 14652,9 га жайылымдық жер учаскелері болып табылады», - дейді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Серік Тілемесов.
Алтай, Шемонаиха аудандары бойынша осы бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келе жатқандығын жеткізді. Ал Күршім ауданы бойынша «Qoldau» веб-порталында цифрлық мониторинг барысында, жалпы ауданы 45 365,78 мың гектар, 77 пайдаланылмайтын жер учаскелерінің тізімі анықталған.
- Мемлекет басшысы өзінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауында пайдаланылмаған жерлерді алып қою жөніндегі комиссияның қызметін атап өтті. Оның жұмысы аясында мемлекетке 5 миллион гектардан астам ауылшаруашылық жерлері қайтарылды. Бүгінгі таңда облыс бойынша барлығы 76,8 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекеттік меншікке қайтарылды (Алтай ауданында – 2 мың га, Зайсан ауданында – 20,6 мың га, Күршім ауданында – 16,1 мың га, Шемонаиха ауданында – 2,6 мың га). Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда, - деп атап өтті ШҚО Жер қатынастары бақармасының басшысы Надежда Михейлис.