Жеті жүлде иелендік

290
көрілім

Облыс орталығында дзюдодан, спорттық гимнастикадан КСРО спорт шебері Талғат Ақтаевты еске алуға арналған ашық ел чемпионаты өтті. Мұнда 23 жасқа дейінгі спортшылар өзара күш сынасты.

Жарыс жолында еліміздің бірқатар қалалары мен облыстарынан бөлек, Ресей (Барнауыл қаласы) және Қырғызстан елдерінен келген 300 спортшы бақ сынасты. Екі күнге жалғасқан бәсеке қорытындысында шығысқазақстандық спортшылар жеті жүлде еншіледі. 81 келіге дейінгі салмақта Ғабит Дәулетбаев және 100 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жасұлан Мұхаметханов барлық қарсыласын тізе бүктіріп, жеңімпаз атанды. Күміс медаль 48 келі салмақтағы Айдана Бұғылбаева мен 100 келі дейінгі салмақтағы Евгений Кияшкоға бұйырды. Сондай-ақ Дәурен Дулатов 81 келіге дейінгі салмақта, Алмас Акрашев 90 келі салмақта және Аян Рамазанов 100 келі салмақта қола медаль иеленді.

Жалпыкомандалық есепте Алматы облысының командасы топ жарды. Атырау облысынан келген дзюдошылар екінші орыннан көрінсе, Шығыс Қазақстан облысының спортшылары үздік үштікті түйіндеді.

Асқар ТҰМАРБЕК