Зырян қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 60 пәтерлі үй салынып жатыр

576
көрілім
Шартты фотосурет.
Зырян қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа 60 пәтерлі үй салынып жатыр. Құрылысы маусым айында басталған үйдің құны 460 млн теңге құрады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

«Нарын-Сервис» ЖШС салып жатқан үйдің құрылысы 2018 жылы аяқталып, баспаналар қолданысқа берілмек. Жаңа көпқабатты үйде 40 екі бөлмелі және 20 үш бөлмелі пәтер болады деп жоспарланған.

Айта кетсек, ағымдағы жылы моноқалада салынып жатқан үйге 411 млн теңге бөлініп, оның 120,6 млн теңгесі игерілген