Зыряндағы екі оқушының өліміне қатысты сотталушы өмір бойы бас бостандығынан айырылды

572
көрілім

8 жасар Вика Тойкенева мен 17 жастағы Ксения Сидорованы өлтірді деп айыпталған Зырян ауданының тұрғыны Олег Яицкий сот үкімімен өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Алғашқы бес жылын ол түрмеде өтейтін болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2016 жылдың 10 қарашасында Зырян қаласында Виктория Тойкенеова есімді мектеп оқушысы із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Қаршадай қыздың денесі көп өтпей иесіз қалған үйдің жертөлесінен табылған. Арада аз уақыт өткенде полиция қызметкерлері 25 жастағы күдікті – Олег Яицкийді қолға түсірген болатын. Тұтқынға алынғаннан кейін ол айыбын мойындаған.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Яицкий Қылмыстық кодекстің тонау, зорлық, кісі өлтіру, кісі ұрлау баптары бойынша кінәлі деп танылды. Оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.Үкім заңды күшіне енген жоқ.