1992 жыл. Алғашқы Достық үйі

282
көрілім

Шығыс Қазақстанда 105 ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Бұған қалай қарауға болады? Одақ ыдыраған уақытта бұрынғы кеңестік республикаларда ұлтаралық жанжалдар өршіп, мұның үлкен қатерге айналу мүмкіндігі ұлғайды.

Алайда, Өскемен қаласы басқа шешімге келді. 105 ұлт пен ұлыс — бұл ірі мәдени байлық, адамдар арасындағы достық пен келісімнің кепілі. Ең бастысы — мәселеге дұрыс қарау.

Әртүрлі халықтардың ұлттық мәдени орталықтары бір шаңырақ астына бірігуді ұйғарды. Видергебурдт неміс мәдени орталығы, Шығыс Қазақстан кәрістерінің ассоциациясы, Вайнах шешен мәдени орталығы, славян мәдениеті қауымдастығы, облыстық және қалалық Қазақ тілі қоғамы, қытай және ұйғыр мәдени орталықтары 1992 жылы тарихи ғимарат саналатын ерлер гимназиясында бас қосты.

Алғашқы Халықтар Достығы үйін ашуға Қазақстан Республикасының Президенті өзі келді. „Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру„ мақаласында Нұрсұлтан Әбішұлы ұлттық құндылықтарды сақтау мен қайта жаңғырту үшін әр қазақстандықтың рөлінің маңызды екенін атап өтті.

Қазақстанның шығысында пайда болған бастама жемісті болып, Достық үйлері басқа өңірлерде ашыла бастады. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанында жаңа әлемде теңдесі жоқ ерекше консультативтік-кеңестік орган — Қазақстан халықтары Ассоциациясы пайда болды. Ассамблеяның міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты құрып, іске асыру.

2017 жылы өткен еліміздегі ең алғашқы Достық үйінің 25 жылдығы мерекесінде Президент Шығыс Қазақстанның ұлтаралық және дінаралық бейбітшілік пен келісімнің үлгісі екенін айтты.