1993 жыл. «Ел аумағын өзгеге беруге жол жоқ!»

305
көрілім

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы пайда болысымен Президенттің алдынан елдің егемендігін дипломатиялық жолмен қамтамасыз ету мәселесі бой көрсетті.

Қытай Халық Республикасының Қазақстанға осыған дейін, яғни 1969 жылы 13 тамыз күні Жалаңашкөл маңында қантөгіске әкеп соққан аумақтық наразылығы болды. Жанжалдың қайтара орын алуына жол бермеу керек еді.

1993 жылы Қазақстан Президенті Назарбаев алғаш рет ҚХР-ге іссапар жасады. Іссапардың басты мақсаты шекаралық аумақтардағы мәселелерді шешу еді. Қытай Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы 944 шаршы шақырым жерді беруді талап етті.

Нұрсұлтан Әбішұлы «қазақтың жерін қайтарымсыз беруден» түбегейлі бас тартты.

1994 жылы Қазақстан мен Қытай арасында «Қазақ-қытай шекарасы туралы» келісімшартқа қол қойылды. 1999 жылға қарай екі ел арасындағы барлық шекаралық мәселелер шешімін тауып, даулы аумақтардың 57 пайызы Қазақстанның еншісінде қалды.