1994 жыл. «Сапфир» операциясы

288
көрілім

Қаз тұрған Қазақстан Республикасына Кеңес Одағынан қатерлі мұра қалған еді. Бұл мұра адролық қару арсеналы еді: атап айтсақ, республика аумағында 104 жер үстінде орналасқан СС-18 ракетасы мен 240 қанатты ракета бар еді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев басты ядролық ірі мемлекеттердің қауіпсіздік кепілін ала отырып Қазақстанды ядролық қарусыз мемлекетке айналдыруды мақсат тұтқан ауыр дипломатиялық жолға шықты. Басты қиыншылық Америка Құрама Штаттарымен болған келіссөздерде болды. АҚШ Қазақстанды ешқандай кепілсіз қарудан бас тарттырмақ болды. Бұл біздің еліміздің мүдделеріне сай келмеді. Дегенмен, АҚШ президенті Билл Клинтонмен және вице-президент Альберт Гормен кездесу өткен соң Қазақстанның шарттары қабылданып, ядролық қарудан арылу үшін елімізге 84 миллион доллар бөлінді. Ядролық арсенал Ресейге әкетіліп, Қазақстанға ядролық қарулар үшін өтемақы төленді.

Қатерлі мұралар қатарында Үлбі металлургиялық зауытында 24 ядролық бомба жасауға жететін 600 келі жоғары байытылған уран сақталған еді. Бұл уран су асты ядролық отыны саласындағы құпия жоба үшін әзірленген болатын. Қайта құру жылдарында жоба жабылып, ал уран-235 ҮМЗ аумағында қалып қойған болатын. Уранды тасымалдаумен айналысқан америкалық Вебердің айтуынша, қауіпті жүк металл құтылар мен шелектерде сақталып, беттері фанер тақташалармен жабылған көрінеді. Ыдыстар басқарылмайтын ядролық рекацияны болдырмас үшін бір-бірінен үш метрлік арақашықтықта орналасқан.

Қазақстанға осындай қауіпті шикізатты уысына түсіру үшін келушілер көбейді. Қазақстан Президенті уранды америкалықтарға сату ең қауіпсіз шешім деп ұйғарды. 1994 жылы ҮМЗ аумағынан ядролық отынды шығарудың ерекше құпия «сапфир» операциясы басталды. Бір ай бойы жоғары байытылған уран арнайықұтыларға салынып, үш С-5 ұшағымен Дэлавер штатына жеткізілді.

Осылайша Шығыс Қазақстан КСРО-ның қауіпті мұрасынан құтылды. Қазақстанға 27 миллион доллар төленді.