2000 жыл. Қазақстандық автокөлік өнеркәсібінің пайда болуы

302
көрілім

Әл-ауқаты сыртқы нарыққа ғана байланысты ел ешқашан нағыз егемендікке ие бола алмайды. Мұны айдан анық байқаған мемлекет басшысы болашақты ойлады. Кеңес Одағы кезінде жасалған ШҚО өнеркәсіптік әлеуеті жас мемлекетке қажетті жаңа өндіріс ошақтарын ашуға жол ашты.

2009 жылдың 9 қарашасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өскемен қаласында автокөлік құрастыру өндірісін жасақтау туралы» №1684 Қаулысы қабылданды. 2001-2002 жылдары «БИПЭК АВТО» компаниясы өндірістік қуатын белсенді дайындаумен айналысты. 2002 жылдың желтоқсан айынан бастап бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен «АЗИЯ АВТО» АҚ ірі торапты автокөлік құрастыруды бастады. Отандық автокөлік өндірісінің шығарған алғашқы көлігі «Нива» автокөлігі болды.

2003 жылғы 13 тамызда зауытқа ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келді. Ол «Нива» автокөлігінің рөліне отырып: «Бүгінде қазақстандық тұтынушыға «Нива» көлігі – жеңіл көліктің ең сай түрі» деді. Президент кәсіпорын басшысы Анатолий Балушкин мен зауыт ұжымына сәттілік тіледі.

«Нива» көлігін шығару қазақстандық автонарықтың барлық сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұдан кейін «АЗИЯ АВТО» компаниясы Skoda және Chevrolet автокөліктерін құрастыруды бастады. 2007 жылдың 15 маусымы күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «АЗИЯ АВТО» зауытындағы Chevrolet автокөліктерін құрастыру конвейерінің іске қосылуына қатысты.

2007 жылғы 16 қараша күні Бейбітшілік пен келісім Сарайында Нұрсұлтан Әбішұлы «АЗИЯ АВТО» АҚ-ны «Сапа саласындағы жетістігі үшін» сыйлығымен марапаттады. Өскемендік автокөлік құрастыру кәсіпорыны өндіріс бағытындағы ең үздік кәсіпорын ретінде танылды.

Автокөлік құрастырудағы жетістіктер «АЗИЯ АВТО» басшылығын автокөлікті дайын бөлшектерден құрастырып қана қоймай, қажетті бөлшектерді шығаратын толық циклді өндіріс салуға итермеледі. 2014 жылы толық циклді өндіріс құрылысын жүргізу туралы шешім қабылданды.

2016 жылдың маусым айында Нұрсұлтан Назарбаев Өскемен қаласындағы толық циклді автокөлік өндірісі салынып жатқан аумақпен танысты. Отандық автокөлік құрастыру өндірісінің тағдыру үнемі Қазақстан Президентінің назарында.