2007 жыл. Дағдарыстан шығарар жол

287
көрілім

Экономистер дағдарысты еңсерудің екі жолын біледі. Оның бірі – шығынды азайту, қатты үнемдеу және өндірістің табыстылығын қалпына келтіру. Іс жүзінде бұл әдіс жалақы мен жұмыс орындарының күрт төмендеуінен тұрады. Кәсіпкерлер өз қызметкерлері арқылы үнемдеуді қалайды.

Бірақ бұл өте қауіпті әдіс. Себебі жұмысын жоғалтқан адамдар тауар сатып ала алмайды. Осының салдарынан экономика дамуын тоқтатып, құлдырауға ұшырайды.

Бұл ретте, тағы бір тәсіл бар: мемлекеттің көмегі арқылы жұмыс орындарын сақтау. Нәтижесінде, халықтың сатып алу қабілеттілігі жоғалмай, экономиканың дамуына еш зиян келмейді.

Шығыс Қазақстан облысы үшін 2007 жылы басталған жаһандық экономикалық дағдарыс елеулі проблемаға айналуы мүмкін еді. Шығыстың өнеркәсіптік алыптары негізінен өз өнімдерін экспорттаумен айналысады. Өнімдердің өтімділігі мәселесі жұмысшылардың жаппай қысқартылуына әкеліп соғу қаупі туды.

2007 жылы Қазақстан Президенті «Жұмыспен қамтудың жол картасын» әзірлеуді тапсырды. Осының арқасында жұмыс орындарынан айрылған адамдар тұрақты табыс табу мүмкіндігіне ие болды.

Республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден облыс орталығында жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін бес миллиардтан астам теңге бөлінді. Өскемен мұндай ақшаны құрылғалы бері көрген жоқ. Бұл ақша қаланы абаттандыруға жұмсалды: жолдар мен аулаларды жөндеу, көгалдандыру, сумен жабдықтау және кәріз жүйесін ретке келтіру. Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларына үлкен қаржы жұмсалды.

Өскемен тұрғындары дағдарыс кезінде қаланың қалай гүлденгендігін еш ұмытпайды. Гүлдер егіліп, гүлзарлар қойылған шаһарға жасыл желектер отырғызылды.

Биылғы жылы «Жол картасы» республикалық бағдарламасы аяқталды. Алайда, аймақта оны өз есептен жалғастыру шешімі қабылданып, облыстық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді.

Қазақстан таңдаған дағдарысты еңсеру жолы өзін ақтап шықты: бұл халықты кедейліктен және әлеуметтік төңкерістерден құтқарды.