2007 жыл. Педагогтармен кездесу

265
көрілім

Қазақстан – болашаққа бағыт алған мемлекет. Президенттің ел алдына қойған өр мақсаты жастардың сапалы білім алуына деген талапты күшейтті. Өйткені, жастар – келе жатқан ауқымды өзгерістердің негізгі стратегиялық ресурсы. Бұдан аталмыш ресурсты тәрбиелеп шығаратын адамдарға деген назар ерекше.

2007 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның мұғалімдерімен және дарынды оқушыларымен кездесті. Бұл кездесуге әр өңірден 40 мұғалім қатысты. ШҚО-дан Өскемен қаласындағы №10 мектеп-гимназиясының неміс тілі мұғалімі Роза Жақұпова, Облыстық физика-математикалық лицейдің математика пәнінің мұғалімі Андрей Веренцов, «Арина» бастауыш гимназиясының директоры Людмила Миллер қатысты. Бұл адамдар өз істері арқылы Президентпен кездесуге құқық алған азаматтар.

Роза Бабыкенқызының қолынан шыққан барлық түлектер неміс тілінде еркін сөйлеп, неміс тілді елдердегі кез келген жоғарғы оқу орнына емтихансыз түсуге мүмкіндік алды. Өйткені олар ГФР Жері Мәдениет Министрлігі Конференциясының ІІ дәрежелі тілдік дипломына емтихан тапсырып қойған. Роза Жақұпованың 27 оқушысы республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды. Боза Бабыкенқызы – ҚР білім саласының құрметті жұмысшысы, «Олимп биігіне бастаушы» құрмет белгісімен марапатталған.

Андрей Веренцовтың оқушылары әртүрлі деңгейдегі олимпиадалардың жүлдегерлері. Ал Андрей Юрьевичтің өзі бірнеше рет кәсіби конкурстардың жүлдегері атанған.

Людмила Миллер «Арина» бастауыш гимназиясын құрып, басқарып келеді.

Президент кездесу барысында ұстаздарға болашақты қалай көретінін айтып, Қазақстанның болашағы үшін атқарып жатқан жұмыстары үшін алғыс білдірді.