2 ақпан күні Өскеменде қар жауады деп күтілуде

310
көрілім
Фотосурет: kazpravda.kz сайтынан

Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында боран болуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оңтүстік-шығыстан екпіні 15-18 м/с жететін жел соғып, оңтүстік-батысқа ауысады.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға келесідей нұсқаулар береді:

елді мекендерден алыс жолға шықпаңыз;
жылдамдық пен қашықтықты сақтаңыз;
жаяу жүргіншілер жолында қауіпсіздікті сақтап, асықпай өтіңіз;                                                          желдің екпіні кезінде сымдарға және тербелетін заттарға жақындамаңыз;
аялдамалардың артына немесе ағаштардың астына тығылмаңыз;
төтенше жағдай туралы «101» немесе «112» нөміріне хабарлаңыз.

Қымбат МУХАМАДИЕВА