9-15 қыркүйек аралығына арналған жұлдыз жорамал

486
көрілім

Тоқты
Кәсіби және қаржылық тұрғыда жаңа бастамаларға көшуге жақсы мүмкіндік бар. Бұл тұрғыда өз қабілетіңізге сеніп, жеке шеберлігіңізбен көзге түсуге тырысып бағыңыз. Шама-шарқыңыз жетпей жатса ғана сырттан келер көмекке жүгініңіз, оның өзінде тек жақын адамдарыңызға арқа сүйеңіз.

 

Торпақ

Кейде өз-өзіңізден күдіктенетіндей мазасыз, абыр-сабыр сәттер орнайды. Таразының бір жағында әлеуметтік жетістік пен мәнсап, екінші жағында махаббат пен отбасы тұрақтылығы тұрады. Осының біреуіне көбірек көңіл бөлуіңіз керек. Ішкі түйсігіңізге құлақ түріңіз, сонда қабылдаған шешіміңіз қате болмайды.

 

Егіздер

Алдағы аптаның ұраны: «Тәуекел түбі – жел қайық» деп аталмақ. Ойлағаныңыздың барлығы жүзеге асып, толағай табыстарға жетесіз. Жеке өміріңізде, махаббат шеңберінде немесе достарыңыздың арасында бірқатар өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан әр нәрсеге көз жеткізіп барып, қандай да бір іске басымдық беруіңіз тиіс.

 

Шаян

Үйіп-төгіп жоспар құруға асықпаңыз. Сүйіктіңізбен, достарыңызбен жақсы қарым-қатынаста болып, өзіңізге көңіл аударғаныңыз жөн. Денсаулығыңызға баса мән беріп рухани тұрғыда азық алуға асығыңыз.

 

Арыстан

Қазіргі өміріңізде табысқа жету-жетпеуіңіз тек өзіңізге байланысты. Ендеше белді бекем буып, іске кірісіңіз. Бір жерде шалыс бассаңыз қапаланбаңыз, себебі қателеспейтін пенде жоқ. Берілген мүмкіндіктерді мүлт жіберіп алмаңыз. Дегенмен махаббатта да, қызметіңізде де ісіңіз оңға басып, өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсетуге орайлы сәт.

 

Бикеш

Кей тұрғыда бүгінгі күнмен өмір сүріңіз. Себебі күні бұрын жоспарлағандарыңыз орындалмай, түрлі өзгерістер орын алуы мүмкін. Жеке өміріңіз бен қызметіңізде алыс сапарларға шығып қалуыңыз мүмкін. Осының салдарынан өзіңізге көңіл аударуды ұмытпаңыз, реті келсе жаңа шаш үлгісіне көшсеңіз болады.

 

Таразы

Егер өзіңізді нағыз спорттық бабыңызда сезінгіңіз келсе, онда күш-қуатыңызды орынды пайдаланыңыз. Кейінге шегеріп жүрген отбасылық мәселеріңізді біржақты ететін қолайлы мерзім. Ал бос уақыты көп нәзік жандылар қауырт тірлікке белді бекем буып кірісіп, жұмысбасты бола түседі.

Сарышаян

Уақытыңызды шығармашылық бағытқа арнайтын кезең туындайды. Жақындарыңыз, отбасыңыз, сондай-ақ достарыңыздың тарапынан жылы лебіздер естисіз. Осының барлығы сізге қиын-қыстау кезеңдерді қиналмай өткеруге септігін береді. Жұлдыздар қыздарға романтикалық кездесулер болатынын ескертеді.

 

Мерген

Қазір өміріңізде айтарлықтай өзгерістер болмайды, сондықтан кейбір нәрселерге мұқият ойланып алыңыз. Бәлкім, аңсарыңыз ауып жүрген жанға сезіміңізді білдіріп қаласыз немесе ренжіскен адамыңызбен татуласасыз. Сондай-ақ жеке мүддеңізге байланысты шектен тыс еліктеушілікке жол беріп алмағаныңызға көз жеткізіңіз.

 

Тауешкі

Тауешкі жұлдызнамасында өмірге келгендер жұмыста жаңа лауазымға тағайындалулары мүмкін. Қандай істі қолға алсаңыз да қадамыңыз оң болмақ.Ойлағаныңыз алғашқы әрекеттеріңізден-ақ жүзеге асады, оған шүбә келтірмеңіз. Десе де көп нәрсеге қол жеткіземін деп барыңыздан айырылып қалмаңыз.

 

Суқұйғыш

Жұлдыздар Суқұйғыштарға денсаулыққа мән берулеріне кеңес береді. Ауыр жұмыстардан аулақ болып, көңіл-күйіңізді түсіретін оқиғаларға көп араласпағаныңыз абзал. Әйтпегенде ұнжырғаңыз түсіп, жұмысқа атүсті қарағаныңызды аңғармай қаласыз. Бір істі бастамас бұрын жақындарыңызбен кеңескеніңіз жөн, сонда ойлағаныңыз өрге баспақ.

 

Балықтар

Осы аптада Балықтарға жан-жақтан көптен назар аударылады. Көтере алмайтын шоқпарды белге байламағаныңыз жөн. Сізге қатысы жоқ іс болмаса бейтарап болып қала беріңіз. Жұмысыңызда да, жеке өміріңізде де болатын өзгеріске тас-түйін дайын болыңыз. Сырт көз – сыншы дегендей, қадамыңызды қалт жібермей қадағалап отырғандар да бар.