Абай ауданы жаңа жылды қалай атап өтпек?

350
көрілім

– Биыл Абай ауданы Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға жергілікті бюджеттен 150 мың теңге бөлген. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан халықына тегін концерттік бағдарламалар ұйымдастырамыз, - дейді аудан әкімінің аппарат басшысы Думан Маратұлы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аудан әкімінің жаңажылдық шыршасы 26 желтоқсан күні аудан орталығы Қарауыл ауылындағы «Атамекен» мейрамханасында өтеді. Оған аз қамтылған отбасылардың балалары мен жағдайы төмен отбасылардың балалары шақырылмақ. Ауданда орнатылатын жасанды шыршаға бюджеттен 50 мың теңге бөлінген. Шырша 20 желтоқсан күні орнатылады.

– Жаңа жыл мерекесін атап өтуге байланысты 31 желтоқсан күні сағат 19:00 — 23:00 аралығында жаңажылдық карнавал, 1 қаңтар күні сағат 11:00 — 13:00 аралығында орталық Абай алаңында балаларға арналған ертеңгілік өткізіледі, – дейді Думан Маратұлы.

Айта кетейік, жаңажылдық отшашулар ұйымдастырылмайды.