Абай ауданында карантин кезінде ас берген ер адамға айыппұл салынды

361
көрілім
Шартты фотосурет

Абай ауданының тұрғыны карантин кезіндегі шектеулерді сақтамай, ас берген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО ақпарат орталығының хабарлауынша, асқа келген қонақтардың бірінен кейіннен коронавирус анықталған. Қазіргі уақытта асқа қатысқан 30 адам үй карантиніне оқшауланды. Ауданда вирустың одан әрмен таралуына тосқауыл қою мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жұқпалы дертке шалдыққан азаматтың үйі қоршауға алынып, дезинфекцияланған.

– Асты ұйымдастырған Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылының 42 жастағы тұрғыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 476-бабына сәйкес жауапқа тартылды. Сот шешімімен ол 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген, – делінген мәліметте.

Осы ретте ШҚО Полиция департаменті өңір тұрғындарын карантин кезіндегі шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырады.