Абай ауданындағы Қоңыр Әулие үңгірі абаттандырылмақ

871
көрілім
Фотосурет - Toureast.kz сайтынан.

Абай ауданы, Тоқтамыс ауылынан 18 шақырым жерде орналасқан Қоңыр Әулие үңгірі абаттанырылатын болады. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов облыс әкімдігінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайты облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Біз Абай ауданындағы қасиетті жерлердің бірі Қоңыр Әулие үңгірінің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп жатырмыз, – деді облыс басшысы. – Жерасты көліне мыңдаған мінәжат етушілер келеді. Келушілерге ыңғайлы да жайлы жағдай жасау мақсатында бұл аймақта абаттандыру жұмыстарын жүргізуге тиісті тапсырма бердім.

Жақын болашақта Шығыс Қазақстанның «Рухани жаңғыру» бағдарламасының таныстырылымы болады. Даниал Ахметов бұның тек теориялық еңбек емес, тарихи жәдігерлеріміздің терең тамырына үңілу екенін атап өтті. «Біз олардың сақталуы мен көбеюі жолында аянбай еңбек етуіміз керек» деді аймақ басшысы.