Абай облысындағы өрт екпіні басылмай тұр

4660
көрілім
Фотосурет ТЖМ

Абай облысына қарасты үш ауылдың тұрғындары Батпаев орманшылығындағы өрт салдарынан өз беттерінше қауіпсіз жерге көшкен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңір әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, түнгі сағат 00:00 де жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылында мектеп және колледж базасында эвакуациялау пункттерін ұйымдастырды.
- Успенское, Поднебесное және Барышевка ауылы тұрғындары туған туыстарын барып паналады. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін ТЖД қызметкерлері оқиға орнында кезекшілік ұйымдастырды. Үш жерде өрт сөндір жалғасуда – делінген мәліметте.
Қызыл жалын шарпыған аумақта жеке құрамның 296 адамы, 64 техника және 3 тікұшақ жұмылдырылғаны атап өтілді. Тікұшақ арқылы 12 рет 30 тоннаны құрайтын су шашылды. Бұған дейін өрт аумағы 2000 гектарға дейін өскені хабарланған. Өрт аумағына Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарының Төтенше жағдайлар департаментінен, сондай-ақ Астанадан қосымша көмек пен қаражат жіберілді.
Асинат МУРТАЗАЛИЕВА