Алматыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ШҚО тұрғындары болып шықты

540
көрілім

Алматыда пәтер тонаумен айналысқандар ұсталды. Олар Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тумалары болып шықты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлағанындай, жігіттер пәтерлерге терезе арқылы кіріп, үлкен заттарға тиіспей ақша, асыл бұйымдарды ұрлап отырған. Олардың жасы 21-28 аралығында.

Қазіргі таңда күдіктілердің 30 қылмыстық жағдайға қатысы бары анықталды.

Ұсталғандар өз кінәларын мойындап отыр. ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тенгеу жұмыстары басталды, – дейді ІІД басқарма басшысы Жанболат Зиядин.