Алтай ауданында екі күннен бері тоқтаусыз жаңбыр жаууда

82
көрілім

Аудан басшысы Ренат Құрмамбаевтың сөзінше, осыған байланысты Березовка өзенінің деңгейі көтерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Еріген қар суы өзен деңгейінің көтерілуіне себеп болып, Соловьево ауылында жеті үйдің ауласын басты. Олар Набережная және Восточная көшелерінде орналасқан.
- Қауіптің алдын алу мақсатында тұрғындарға WhatsApp желісі арқылы ақпараттар ұсынылып, жадынамалар таратылды. Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдер қауіпсіз жерге жеткізілді. Мектепте 25 адамға арналған эвакуациялық орын дайындалды. Полиция бөліміндегілер тәулік бойы кезекшілікке шығып жүр, - деді Ренат Тілеуханұлы.
Березовка өзенімен өтетін көпірдің қирауын болдырмас үшін қосымша арық қазылған. Аудан әкімдігі бұл мақсатқа екі жүк тиегіш, бір экскаватор, екі МТЗ тракторын жұмылдырды. Ауылдағы мектеп оқушылары сәуір айының 11-нен бастап қашықтан оқуға көшірілді. Аудан басшысы Ренат Құрмамбаев қазір Соловьево ауылында. Тұрғындармен тығыз байланыс орнатқан.