Алтай ауданында су тасқыны салдарынан ауыл көлік қатынасынсыз қалды

140
көрілім

Кеше Алтай ауданына қарасты Крестковка ауылында өзендегі су деңгейінің көтерілуінен құбырды шайып кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, 16 адам тұратын 8 үй көлік қатынасынсыз қалды. Бұл ауылда мектеп жоқ.
-    Үйлердің барлығы жоғары орналасқандықтан, су басып кету қаупі жоқ. Тұрғындар азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Құбырдың корпусы бұзылған жоқ, су деңгейі төмендегеннен кейін шара қолданылады,-деді әкімдіктегілер.