Алтай ауданындағы спорт алаңдарын жабдықтауға 100 миллион теңге қаржы бөлінеді

340
көрілім

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Алтай қаласына барған іссапарында көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Ол түрлі сырғанақтар, әткеншектермен жабдықталған спорттық және ойын алаңдарын, сонымен қатар гимнастикалық кешендерді аралады. Көшедегі барлық ойын және спорт алаңдарында жарақаттануға қарсы арнайы жабын бар.

Тұрғындар абаттандыру жұмыстарына дән риза және суық ауа райына қарамастан ойын алаңына балалар көптеп жиналады.

- Аудан халықынң мәдени өмір деңгейі жақсарып келеді, сізге сол үшін алғыс айтамыз! Алтай қаласы - шағын, ескі болса да тарихи маңызы бар қала. Біздің өңірдің болашағы жарқын болуын, қалада жастар көп болғанын қалаймыз, әрине. Жабдықталған ойын және спорт алаңдары үшін шын жүректен қуаныштымыз, - дейд Күлбаршын Асубаева есімді азаматша.

Бүгінгі күні аудан орталығында жаңартылған 3 ойын алаңы мен 12 жаттығу алаңдары бар. Келесі жылы олар әлдеқайда көп болады.

- Ауданда осындай алаңдар көп болғанын қалаймын. Сондықтан келесі жылы тек спорттық-ойын алаңдарын салуға бюджеттен 100 миллион теңге қаржы бөлетін боламыз. Қазір мұнда балалардың қысқы кешені бар, келесі жылы үлкен спорт кешенін қаржыландыруға да кірісеміз, - деп қорытындылады аймақ басшысы.