Алтай ауданының тұрғыны үйінде есірткі дайындаған

413
көрілім

Тамыз айының соңында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында Алтай ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері есірткі заттарын дайындау және сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, Алтай қаласының 50 жастағы тұрғыны үйінде аспаздық көкнәр мен еріткіштің тұқымын араластыру арқылы есірткі жасаған. Өзінің айтуынша, алынған зат тамырға инъекция арқылы пайдалану үшін қолданылған.

 - Үйді тінту барысында полиция қызметкерлері тұрғынның есірткі әзірлеп жүрген металл ыдысын тауып, тәркіледі. Сарапшының қорытындысына сәйкес есірткі заттарының қабаты «экстракциялық опий» болып шықты, оның құрғақ қалдығының салмағы 0,0885 граммды құрады, - деді ШҚО Полиция департаментіндегілер.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарыбасталды.