Алтай қаласындағы екі мектепте карантин жарияланды

340
көрілім

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында жедел респираторлық-вирустық инфекцияның өршуіне байланысты екі мектепте карантин жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Оқушылар арасында ЖРВИ-ға шалдыққандардың саны күрт өсуіне орай № 6 және № 8 орта мектептерде карантин жарияланды, - деп хабарлады Алтай қалалық білім бөлімі.

Осыған дейін бұл білім ордаларында 600-ге жуық оқушы сабаққа келмеген болатын. Осыған орай медициналық тексеру жүргізілген. Соның қорытындысы бойынша карантин жариялау туралы шешім қабылданды.

Білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, карантин әзірге 25 қаңтардан 31 қаңтарға дейін жалғасады.