«Алтай» волейболшылары ширек финалда «Вьетин Банк» командасымен кездеседі

709
көрілім
Азия Чемпионатының үшінші күнінде «Алтай» волейбол клубының ойыншылары Иран елінің қыздарымен жолығып 3:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Алдыңғы ойында жерлестеріміз тайландтық «Супреме» командасына есе бергенімен бұл жолы сүрінген жоқ. Иран елінің «Сармайе Банк» волейболшыларын ойсырата жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Жалпы есеп: 3:0 (25:16, 25:18, 25:19).

Енді алтайлықтар ширек финалда Вьетнам елінің «Вьетин Банк» командасымен бақ сынасады. Ойын дүйсенбі күні сағат 16.30-да басталмақ.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ