Алтынбел ауылындағы жағдай тұрақты

137
көрілім

Үлкен Нарын ауданына қарасты Алтынбел ауылындағы жағдай тұрақталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Естеріңізге салсақ, кеше 29 наурыз күні ауылда еріген қардан су деңгейі көтеріліп, 10 аулаға су кірді. Қазірде ауылдағы арықтың бөгеттері күшейтіліп, аулаға кірген су мотопомпалар арқылы шығарылды. 
- Ауылға қауіп төніп тұрған жоқ, жағдай толықтай бақылауға алынды. Мамандар тәулік бойы жұмыс істейді, - деді Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін атқарушы Елдос Байрахметов. 
Сондай-ақ Үлкен Нарын ауылының өзінде 11 үйдің ауласынан су шығарылды. Ауылда арықтар тереңдетіліп, бөгеттері күшейтілуде. Жалпы аудандағы жағдайды қолға алуға 92 адам және 16 техника жұмылдырылған. 
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі