«Ана үйінде» қандай көмек түрлері көрсетіледі?

216
көрілім

Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік «Ана үйі» қоғамдық қоры қазақстандық қоғамда қабылдаушы отбасыларды кәсіби даярлау, сүйемелдеу және бала асырап алу мәдениетін дамыту бойынша жұмысын бір бағытқа қойған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазақстанның 20 қаласында кеңес беру кабинеттері жұмыс істейді. Қор мамандары өз отбасыларына Балалар үйі мен Жетімдер үйінен балаларды қабылдағысы келетін азаматтарға (отбасыларға) консультациялық көмек көрсетеді. Психологтар Қабылдаушы ата-аналар мектептерінде (бұдан әрі – ҚАМ) әлеуетті асырап алушыларды дайындайды, ҚАМ-да олар жас психологиясы туралы, асыранды баламен байланыс орнату және бүкіл отбасының жаңа өзгерістерге жұмсақ бейімделуі жайлы құнды білім алады.
- Осындай жауапты қадамға бел буған азаматтардың барлығы Қабылдаушы ата-аналар мектебінен өтуі қажет. ҚАМ мақсаты – ата-аналарды балалар үйінен баланы қабылдауға дайындау, барлық қажетті ақпаратты беру, дағдыларды үйрету, маңызды сұрақтарға жауап табуға көмектесу, өздерінің мүмкіндіктері мен шектеулерін түсіну, қабылдаушы ата-ана болуға дайындығын түсіну, - деді мекеме қызметкерлері.
Аталған мектептен өту барысында үміткерлер асырап алынған баланың ерекшеліктері мен қажеттіліктері туралы түсінік алады.
Балаларды орналастыру саласында кешенді тәсіл өте маңызды. Үміткерді оқытып қана қоймай, оған қанша қажет болса, сонша ілеспе көмек көрсетеді.
-  Сондықтан біздің жұмысымызда міндетті бағыт – қабылдаушы отбасыға ілеспе көмек көрсету. Жұмыс тәжірибесінен білетініміз, бала отбасына келгеннен кейін ең қиын кезең - бейімделу басталады. Осы уақытта психолог пен әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның отбасыға кәсіби ілеспе қолдау көрсетуі өте маңызды, - деді мамандар.
Ілеспе көмек көрсетудің әр түрлі формалары бар. Бұл - отбасына бару, мамандармен кездесу, психологиялық кеңес беру және тағы басқасы. Отбасында балалар үйінен келген баланың жарақаттары ашыла бастайды.
- Біздің психологтардың айтуынша, "бал айы" аяқталғаннан кейін, бұл әдетте бір, екі, үш айдан соң барлық отбасыларда "үйренісу" басталады. Осы кезде қабылдаушы отбасыларға қолдау мен көмек қажет. Біздің психологтар әр отбасына көмектесуге тырысады. Бүгінгі таңда Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттіктің көмегімен қазақстандық отбасыларға 1890 бала орналастырылды (бұл цифра үнемі өсіп келеді)
2022 жылдың мамыр айынан бастап пилоттық жоба іске қосылды, - делінген мәліметте.
Пилоттық жоба – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі және даму ерекшеліктері бар балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауды жоспарлап отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын ынталандыруға және қолдауға бағытталған "Ана үйі" ҚҚ қайырымдылық бастамасы.
Жобаны 3 жыл ішінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Қандай көмек көрсетеміз:
- Қабылдағаннан кейін балаларды оңалтушы дәрігерлердің тексеруінен өтуді ұйымдастырамыз;
- Балалардың медициналық оңалтудан және (немесе) педагогикалық түзетуден өтуі үшін төлем жүргіземіз;
- Балалардың ота еміне төлем жасаймыз (қажет болса)
- Қабылдаушы отбасыға консультациялық және ақпараттық көмек көрсетеміз.
 
Арай Ниетуллаева
Региональный директор агентства по усыновлению («Ана үйі» қоғамдық қоры )
тел.: 8-747-311-4105