Арақ қымбаттайды

299
көрілім

Наурыз айының соңына қарай елімізде алкоголь өнімдері тағы қымбаттамақ. Бұдан былай ащы судың бір литрі 2000 теңгеге жетпек.

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің хабарлауынша, 2018 жылдың 27 наурызынан бастап ҚР Үкіметінің 14 наурыздағы "Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2018 жылға арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" Қаулысы күшіне енетін көрінеді. Аталмыш құжатқа сәйкес алкогольдік ішімдіктердің әр литрінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 1 900 теңгеден басталмақ.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ