Автокөлікті тіркеуден қалай шығаруға болады?

583
көрілім

Автокөлік сатып алмақшымын. Қазіргі уақытта алатын автокөлігім Павлодар қаласында тіркеуде тұр. Білгім келетіні, автокөлікті сатып алсам еліміздің басқа қалаларында да есептен шығара аламын ба? Болса, бұл үрдіс қай мекемелер арқылы, қандай тәртіпте жүзеге асырылады?

Болатбек, Күршім ауданы

Сіздің сұрағыңызға жауапты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми сайтынан табудың сәті түсті:

Қазақстан Республикасы аумағында, ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөлімдерінде және арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, тіркеу орнына қарамастан көлік құралын есептен шығаруға болады, – деп жазылған құзырлы ведомствоның сайтында.